Қоян туралы қызықты мәліметтер
Қояндар туралы көп адам біле бермейтін қызықты 15 факт!
1) Қояндар — кеміргіштер емес. Олар лагоморфа деген бөлек отрядқа жатады.
2) Қояндардың құлағы 10–12 сантиметрге дейін өседі. Құлағы — дене температурасын реттейтін маңызды орган.
3) Қояндар 360 градуспен көреді. Олардың көру аймағы өте кең, тек тұмсығының астын көрмейді.
4) Қоянның тісі өмір бойы өседі. Сондықтан олар үнемі бір нәрсе кеміріп жүреді.
5) Қояндар көбіне көзін ашық күйде ұйықтай береді. Бұл – жыртқыштардан сақтану инстинкті.
6) Қоян күніне 20–30 рет шайнап, тез сіңіретін ас қорыту жүйесіне ие.
7) Қояндар өз нәжісін қайта жейді. Цекотроп деген жұмсақ нәжісін қайта жеп, тағамды толық қорытады.
8) Қояндар өз аймағын иіспен белгілейді. Бетті ысқылап, иіс қалдырады.
9) Қоян жүгіру жылдамдығы – сағатына 50 киллометрге дейін жетеді.
10) Қояндар 1 метрге секіре алады.
11) Қоянның жүрек соғысы өте жылдам — минутына 130–325 рет.
12) Қоян жүктілік мерзімі — 28 немесе 31 күн. Бір туғанда 4–12 төлі болады.
13) Қояндардың көжегі туған кезде көзі көрмейді. Ол бірнеше күннен кейін ғана көзін ашады.
14) Қояндар терлемейді. Қояндарда тер шығаратын без жоқ. Олар ыстықты құлағы арқылы шығарады! Сол үшін құлағы өте үлкен – жылуды сыртқа таратып отырады.
15) Қоянның мұрны минутына 120 ретке дейін жыбырлайды – бұл оларға иісті жақсы ажыратуға көмектеседі.
Қызықты мәліметтер • Қызықты мәліметтер
#azakz